Бүгін "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші туры аясында "Астанаға" қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шығады. Кездесу Алматының орталық стадионында өтеді.
Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты наурыз айының соңында өткен FIFA Series турниріндегі Қазақстан құрамасының соңғы матчтарына қатыспаған еді.
Жаңа ҚПЛ маусымында ол "Қайрат" сапында үш матч өткізіп, бір гол соқты. Қазіргі таңда алматылық клуб турнир кестесінде бесінші орында келеді. Алматылықтар үш ойыннан кейін жеті ұпай жинаған.
Ал, елордалықтар 7 ұпаймен үздік үштікте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу