Дастан Сәтпаев "Бернлиде" 90 минут ойнап, жоғары бағаланды

166

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев Англия чемпионатындағы жаңа командасы "Бернли" сапында алғаш рет толық матч өткізіп, өз ойынымен көзге түсті.

Дастан Сәтпаев "Бернлиде" 90 минут ойнап, жоғары бағаланды Фото: burnleyfootballclub

18 жастағы футболшы Чемпионшиптің үшінші турында "Норвичке" қарсы кездесуді негізгі құрамда бастап, алаңда 90 минут бойы өнер көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бернли" 1:4 есебімен жеңілгенімен, Сәтпаевтың жеке көрсеткіші командадағы өзге ойыншылардан жоғары болды.

Flashscore қазақстандық шабуылшының ойынына 7,5 балл қойды. Бұл – "Бернли" футболшылары арасындағы ең жоғары баға.

Сәтпаев матчта қарсылас қақпасына үш рет соққы жасап, оның біреуін дәл бағыттады. Сонымен қатар, қарсыластың айып алаңында допқа 8 рет тиіп, 8 дриблингтің 4-ін сәтті орындады.

Қазақстандық ойыншы шабуылда серіктестеріне де бірнеше мүмкіндік жасап, 3 шешуші пас берді. Оның күтілетін ассист көрсеткіші (xA) 0,39-ға тең болды. Сондай-ақ, соңғы үштен бір аймаққа бағытталған 14 пастың 8-ін дәл орындап, бір қауіпті шабуыл ұйымдастырды.

Жалпы Сәтпаев 30 пастың 23-ін дәл жеткізді. Пас дәлдігі – 77%. Футболшы 11 тартыстың 4-інде жеңіске жетіп, 2 рет допты қағып алды және 3 рет допты өз командасының бақылауына қайтарды.

Осылайша, командасы ірі есеппен жеңілгенімен, Сәтпаев алғашқы толық матчында "Бернлидің" ең жоғары бағаланған ойыншысы атанды.

"Бернли" келесі кездесуін 3 қыркүйектен 4 қыркүйекке қараған түні өз алаңында "Мидлсброго" қарсы өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу