Дастан Сәтпаев бомбардирлер тізімінде көш бастады

295

“Қайрат”  “Жеңіс” матчында Дастан Сәтпаев дубль авторы атанды. 

Дастан Сәтпаев бомбардирлер тізімінде көш бастады

Алматылық “Қайрат” Қазақстан премьер-лигасының сегізінші турының кейінге шегерілген ойынында елордалық “Жеңісті” тізе бүктірді. Алматыда өткен матч алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 12-минутында Дастан Сәтпаев есеп ашты. 

37-минутта Сәтпаев есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймның басында, 52-минутта “Жеңіс” капитаны Исламбек Қуат бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты – 2:1.

Дегенмен, “Қайратқа” үшінші гол соғуға мүмкіндік туды. 80-минутта Рикардиньо Александр Мрынскийдің пасын голға айналдырып, ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, “Қайрат” 52 ұпаймен 50 ұпайы бар “Астананы” артқа тастап, турнирлік кестенің көшін қайта бастады.
“Жеңістің” еншісінде – 31 ұпай бар.

Айта кетейік, “Қайраттың” шабуылшысы Дастан Сәтпаев елордалық “Жеңіспен” өткен ойында соққан екі голынан кейін ҚПЛ-дағы (2025ж) голдар санын 11-ге жеткізді.

Осы нәтижеден кейін ол “Астана” ойыншысы, хорватиялық Марин Томасовты қуып жетіп, бомбардирлер тізімінде көш басына шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу