SofaScore қосымшасы еурокубоктың басты турниріндегі желаяқтардың топ-10 тізімін жасақтады.
Әлемде танымал футбол қосымшасы Чемпиондар Лигасына қатысып жатқан 36 командадан ең жылдам деген футболшыларын іріктеп, олардың максималды көрсеткішін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық Дастан Сәтпаев та бар.
Топ-10 тізімі төмендегідей:
1. Эрнес Поку (Байер) – 33,9 км/сағ
2. Дэвид Промис (Юнион) – 33,6 км/сағ
3. Энтони Гордон (Ньюкасл) – 33,6 км/сағ
4. Дастан Сәтпаев (Қайрат) – 33,6 км/сағ
5. Джед Спенс (Тоттенхэм) – 33,6 км/сағ
6. Рауль Белланова (Аталанта) – 33,4 км/сағ
7. Душан Влахович (Ювентус) – 33,4 км/сағ
8. Ибраима Конате (Ливерпуль) – 33,3 км/сағ
9. Кевин Родригес (Юнион) – 33,3 км/сағ
10. Ннамди Колинс (Айнтрахт) – 33,3 км/сағ
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биылғы маусымды нәтижелі өткізді. Ол жыл қорытындысы бойынша Қазақстан премьер– лигасында "Үздік жас футболшы" және "Үздік футболшы" атанды.