Алматылық "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бүгін түнде Дохаға (Катар) ұшады. Ол жерде футболшы қосымша медициналық тексеруден өтеді.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшыны Катарға жіберу туралы шешім дәрігерлердің ұсынысы бойынша, диагнозды нақтылау және денсаулық жағдайын тереңірек талдау мақсатында қабылданған.
Медициналық тексеру Катардың жетекші клиникаларының бірінде өтеді. Оның қорытындысынан кейін ойыншының қалпына келу жоспары анықталмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу