Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасының рекордын жаңартты

Ол кеше футболдан Кюрасао құрамасына қарсы дебюттік матчын өткізді.  

Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасының рекордын жаңартты Фото: kazfootball.kz

Осылайша, 16 жастағы Дастан Сәтбаев ұлттық команданың тарихындағы ең жас дебютант атанып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қайрат" командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кюрасаоға қарсы ойында ел намысын алғаш рет қорғады. 

Сондай-ақ, Сәтпаев Қазақстан құрамасының жаңа рекордын орнатты. Енді ол – ұлттық команданың тарихындағы ең жас дебютант.

Дастан алаңға 16 жас, 7 ай, 8 күнінде шыққан. Болашағынан көп үміт күттіретін талантты ойыншы Жамбыл Көкеевтің жетістігін жаңартқан. Еске салайық, 2006 жылдың 14 ақпанында Иорданияға қарсы ойынға шыққанда Көкеевтің жасы 17 жас, 4 ай, 25 күнді көрсеткен болатын. 

Кеше Қазақстан құрамасы Кюрасаомен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу