Швейцариялық маман Фабио Челестини Англияның Чемпионшипінде өнер көрсететін "Бернли" клубының бас бапкері атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Фабио командаға жігер, тәжірибе мен білім әкеледі. Біз дәл осындай маманды іздедік. Ол "Бёрнлиде" жұмыс істеуге деген зор ықыласы мен табандылығын көрсетті. Бізге клубтың дамуына шын ниетімен үлес қосқысы келетін адамдар қажет. Фабио – соның жарқын үлгісі", – деді клубтың спорт директоры Диего Лопес.
Фабио Челестини өткен маусымның соңына дейін Мәскеудің ЦСКА клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда Ресей Суперкубогын жеңіп алған.
Айта кетейік, бұған дейін "Бернли" бас бапкер Ники Хайен қызметінен босатылды. Чемпионшиптің 12 турында сегіз ұпай жинаған "Бернли" турнир кестесінде 22-орында тұр.