Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін алаңға қайта оралды, деп жазады inbusiness.kz сайты sports.kz басылымына сілтеме жасап.
Кездесудің алғашқы таймында "Бернли" 3 гол соқты. 13-минутта Якуб Бруун Ларсен есеп ашса, араға 6 минут салып Зеки Амдуни командасының басымдығын арттырды. Ал 25-минутта Рео Хатате үшінші голды соқты.
Екінші таймда да қонақтар ойын тізгінін бермеді. Матчтың 87-минутында Маркус Эдвардс бұрыштама добынан кейін гол соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
Жарақатынан айыққан Дастан Сәтпаев матчты қосалқы құрамда бастады. Ол 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына алаңға шықты. Қазақстандық футболшы ойынға қосылған кезде "Бернли" 3:0 есебімен алда тұрған еді.
Осы нәтижеден кейін команда 7 ұпай жинап, турнир кестесінде бір саты жоғарылады. Дегенмен "Бернли" әзірге 23-орында қалып, төменгі дивизионға түсіп қалу қаупі бар аймақта тұр.