Дастан Сәтпаев туралы ел көптен күткен жаңалықтың жауабы айтылды

Қазақстандық футболшының "Челсиге" нақты қашан ауысатыны белгілі болды.   

Дастан Сәтпаев туралы ел көптен күткен жаңалықтың жауабы айтылды Фото: elordainfo.kz

Сонымен қатар, жас таланттың "Қайрат" сапындағы соңғы ойыны 17 маусым күні өтпек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дастан Сәтпаев "Челси" сапына 1 шілде күні ресми түрде ауысады. Дәл осы күні ағылшын командасының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо жұмысына кірісіп, жаңадан келетін жас футболшылармен танысады. 

"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың "Қызылжарға" қарсы 17 маусым күнгі ойыны алматылық ұжым сапындағы соңғы матч саналмақ. Содан соң қазақ футболшысы карьерасының келесі кезеңін Англияның "Челси" командасында жалғастырады. 

Бұған дейін Дастан Сәтпаевты "Челсиге" дайындау процесі басталғанын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу