Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға көмектесе алмайтын болды

357

Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты алдағы ұлттық құраманың ойындарына қатыса алмайды. 

Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға көмектесе алмайтын болды

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев алдағы қазан айында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды. "Қайрат" шабуылшысы Қазақстан премьер-лигасының ойынынан кейін ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмеді. Ресми себеп – жарақат.

Жексенбі күні болашақ "Челси" ойыншысы "Жетісуға" қарсы кездесуде толық 90 минут алаңда болды.

Құрама сапына чемпиондар қатарынан тек Дамир Касабулат қана келіп қосылды. Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов 10 қазанда Лихтенштейнге, 13 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың соңғы тізімін жариялаған еді.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионатына іріктеуде J тобының турнирлік кестесінде қызу бәсеке байқалуда. Қазіргі кезде көш басында 11 ұпай жинаған Солтүстік Македония тұр – команда 5 кездесуде тұрақты ойын өрнегін көрсетті. Екінші орынға 4 матч өткізіп үлгерген Бельгия жайғасты. Олардың еншісінде 10 ұпай. Дәл сондай көрсеткішпен Уэльс үшінші орында келеді. Бірақ олар 5 ойында осындай нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы әзірге 5 кездесуден 3 ұпай ғана еншілеп, төртінші сатыда орналасқан. Ал барлық бес ойында да жеңіліп қалған Лихтенштейн турнирлік кестені түйіндеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу