Дастан Сәтпаевтың голы “Қайратқа” маңызды жеңіс сыйлады

170

23-тур аясында өткен Қазақстан премьер-лигасының матчында (ҚПЛ) алматылық “Қайрат” “Ақтөбені” 1:0 есебімен минималды айырмашылықпен жеңді. 

Дастан Сәтпаевтың голы  “Қайратқа” маңызды жеңіс сыйлады

Ойынның 11-минутында “сары-қаралардың” қақпашысы Темірлан Анарбеков допқа шығу кезінде қарсылас ойыншысымен қақтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Қақпашыны алаңнан зембілмен алып шықты. Оның орнына қақпада Шерхан Қалмұрза тұрды.

Матчтағы жалғыз әрі жеңіс голы 52-минутта соғылды. 17 жастағы алматылық шабуылшы Дастан Сәтпаев Еркін Тапаловтың дәл пасынан кейін допты бір соққымен қонақтар қақпасына бағыттап, мүлт кеткен жоқ.

Бұл жеңіс “Қайратқа” ҚПЛ турнир кестесінде 49 ұпаймен бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Олар 46 ұпайы бар “Астананы” басып озды. Дегенмен, елордалық клубтың бір ойыны бар. Бүгін, 14 қыркүйек, олар семейлік “Елімайға” қарсы алаңға шықты. Ойын нәтижесі матч аяқталған соң жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу