17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев алматылық "Қайрат" сапындағы әзірге соңғы ойыны қашан өтетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Клубтың үй матчтарының ресми жүргізушісі Артур Асқарұлымен болған блиц-сұхбатта Сәтпаев өзінің "Қайрат" жейдесіндегі соңғы кездесуі маусым айындағы үй ойындарының бірінде өтетінін айтты.
"Қазіргі жоспар бойынша соңғы матчым 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл – өз алаңымыздағы ойын", – деді Сәтпаев.
Сондай-ақ жас шабуылшы "Челси" клубындағы қаралым мен Хаби Алонсомен қайта кездесуге қатысты пікір білдірді.
"Жалпы, қобалжу жоқ. Ең бастысы – өз қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында ол жақта орнығып қаламын деп ойлаймын", – деді қазақстандық талант.