Дастин Порье Хабибті жеңуі мүмкін бе?

4352

Дәл осындай сауал қазір бүкіләлемдік спорт баспасөзінде көлденеңінен тұр. Дастин Порье бүгін түнде Хабиб Нұрмогаметовпен кездеседі.

Дастин Порье Хабибті жеңуі мүмкін бе?

UFC ұйымдастырушылары бұл кездесудің өтетіні жайлы ертерек хабарлады. Конар МакГрегор пиармен жұмыс істеп, қаржы күреп жатқанда, Фергюссон өзінің жеке психологиясымен күресіп жүргенде Дастин Порье мен Хабиб кездескелі жаты. Әрине бұл кездесудің басты фавориті Хабиб Нұрмогаметов екені анық. Дегенмен, Дастиннің де бір атары бар.

Порье осыған дейін Гэтжи, Петтис пен Миллерді құлатты. Сосын 2018 жылы Альваресті жеңді. 9 мәрте оның кездесуі ең үздік деп бағаланып, арнайы сыйақымен де марапатталды. Алайда, кейіннен Порье өзінің промоутері Уайтпен келісімді үзуді өтінді. Себебі, олар Дастинге жақсы деңгейдегі кездесулер ұйымдастырып бере алмады. Алайда, өзінің титулды күресін күткен Дастин түбінде өз мақсатына жетті. Ол аяқасты Хэлоуэймен кездесіп, жеңіске жетті. Негізі ол 2011 жылдан бері титулды кездесуге шығыуды арманадаған болатын. Бірақ, 3-4 жеңістен кейін үнемі жеңіліп қалып жүрді. Мысалы, 2014 жылы ол МакГрегорға жеңілді, сосын 2016 жылы Майкл Джонсонмен болған төбелестің небәрі 1-минутында нокауытқа кетті. Осылайша жолы болмай жүрген Дастин Порье енді Хабибтің өзімен кездескелі тұр. Бұл Дастиннің спорттық өміріндегі ең маңызды шайқас болары хақ.

Дастин өзінің сұқбатында спорттық ғұмырына көп әсер еткен өзінің әйелі екенін айтты. "Джоли үнемі мені қолдайды. Мен өзіме сенбеген тұстарда, ол маған сенетін. Сосын мен де тырысып, сол үшін күресе бастадым. Мен жұбайыма бұл үшін алғыс айтқым келеді" - деген еді. Сонымен қатар, оның промоутері Уайт "Біреулердің спорттағы жоғары өрмелеуі өте жылдам болады. МакГрегордыкі секілді. Біреулердікі керісінше қиын әрі ауыр болады. Порьенікі секілді. Ол осы деңгейге жету үшін талай теперіш көрді" деді Уайт.

Дастин Порье мен Хабиб Нұрмогаметов арасындағы кездесу бүгін 7-нен 8-не қараған түні сағат 02-00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу