Оның айтуынша, көптеген ата-аналар жұмыстан кеш шығатындықтан, балабақша жабылған соң балалары қараусыз қалып жатады.
Кей жағдайларда бүлдіршіндер мекеме қарауылының жанында күтуге мәжбүр болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Кешкі 18:00-де ата-аналар жұмыстан шыққанда, балабақшалар да жабылып жатады. Бұл мәселені шешу үшін арнайы кезекші топтарды ұйымдастырып, жұмыс уақытын ұзартқан жөн. Мұндай тәжірибе Астананың кейбір балабақшаларында бар. Енді оны барлық мекемелерге енгізу қажет", – деді депутат.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу