Токио Паралимпиадасында дзюдодан 73 келіде бақ сынаған 30 жастағы Дәулет Теміржан финалдық белдесуде өзбек Феруз Саидтан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Ол жарыс барысында әзірбайжандық Газимов Рамил, ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, неміс Хоркас Николайды, жартылай финалда грузиялық Калдани Джорджиді ұтты.⠀
Айта кетейік, 2016 жылы бұл салмақта өзге спортшымыз бақ сынап, алғашқы айналымнан аса алмаған еді. Осылайша, жерлестеріміз Паралимпиада ойындарында 1 алтын, 2 күміспен ең үздік көрсеткіштерін (Рио Паралимпиадасында 1 алтын, 1 күміс) жаңартты.
Ермұхамед Мәулен
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу