Дәурен Жақсыбек көлік нарығына "енді"

26736

Президент әкімшілігі басшысының ұлы Қазақстанның ірі көлік құрастыру кәсіпорнының үлесін сатып алды.

Дәурен Жақсыбек көлік нарығына "енді"

Банкир Дәурен Жақсыбек "Азия Авто" АҚ-ның ірі акционеріне айналуға шақ тұр. Бұл туралы abctv.kz-ке 2017 жылдың басындағы қоғамның акция иелерінің жаңартылған тізілімін жария етті. Мұндай ақпарат 20 қаңтарда Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды.

KASE-де берілген компания есебіне жүгінсек, 1 қаңтардан бастап бизнесмен қоғамның 9,99 мың қарапайым акциясының иесі атанды, бұл оған компанияның 9,99% үлесін береді. Отандық заңнама бойынша, компания акциясының 10%-ын және одан жоғары үлесін иемденуші автоматты түрде ірі қатысушы мәртебесін иемденеді.

Акционерлер тізілімін жаңарту тарихын бағамдасақ, Дәурен Жақсыбек өз үлесін Ержан Төлеубековтен сатып алған. Акция сату-сатып алу жөніндегі мәміленің сомасы және өзге мәліметтер 20 қаңтарға дейін биржада жарияланбаған еді.

Қазір отандық көлік нарығы үшін қиын заман туды. ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, 2016 жылы елімізде 882,8 мың көлік тіркелді, бұл былтырғы көрсеткіштен 4%-ға төмен. Оның ішінде 46712 жаңа автокөлік пен коммерциялық техника ресми түрде сатылды, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен (97469 мың бірлік) 2 есе төмен деп қорытынды шығарды Қазақстанның автобизнес қакуымдастығы (ҚАБҚ).

2016 жылы елімізде көлік өндірісі 33%-ға құлады да, шамамен 8,4 мың көлікті құрады деп жазылған ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің жаңа есебінде. Ал жүк көліктерінің өндірісі өткен жылы 22% өсіп, шамамен 1,9 мың данаға жетті.

2016 жыл брендтер арасында нарық көшбасшысы Toyota автокөліктері атанды, ҚАБҚ 9,059 автокөлік санады. Екінші орынға көлік нарығының дәстүрлі көшбасшысы ресейлік Lada (8,147 мың көлік) табан тіреді. Айта кетейік, Lada саудасы былтырғы жылмен салыстырғанда 67%-ға түсті. Үздік үштікке алғаш рет Renault кірді, оның саудасы былтыр 2 есе түсіп, 3 772 мың автокөлік сатылды.

"Азия Авто" АҚ – Қазақстанның ірі көлік құрастыру кәсіпорны. Негізгі қызмет түрі – Lada, SKODA, Chevrolet және KIA брендтерінің көлігін құрастыру. 2016 жылдың қаңтар-кыркүйек айларында компанияның табысы 28%-ға дейін қысқарып, 19,8 млрд теңгені құрады. 2016 жылдың 1 қазанында компанияның таза табысы – 2,96 млрд теңгені құрады, 2015 жылдың осы мерзімінде 13,38 млрд теңге болатын. Компания Өскеменде автокөлік жасауда толық циклды зауыттың құрылысын бастады. 2018 жылдың үшінші ширегінде жұмысын бастайтын зауыт 4 мың жұмыс орнын ашады деп күтіліп отыр. Зауыт екі кезеңде іске қосылады. Біріншісінде жылына 60 мың автокөлік жасау жоспарланса, екінші кезеңде кәсіпорынның қуаты жылына 120 көлік шығаруға дейін арттырылады.

Дәурен Жақсыбек – белгілі бизнесмен және Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің ұлы. Оның негізгі бизнес-активі "Цесна Корпорациясы" АҚ, ол – қоғамның ірі қатысушысы әрі "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

"Цеснабанк" – "Азия Авто" АҚ қарызының негізгі иеленушісі. 2013 жылдың 8 ақпанынан бастап банк көлік зауытымен айналым қаражатын толықтыруға несие жүйесін ұйымдастыру келісіміне қол қойған болатын. 2016 жылдың басында акционерлік қоғамның қаржы институтының алдындағы міндеттемелері 7,57 млрд теңге және 29,36 млн доллар болды. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап теңге мен доллар сыйақысының мөлшерлемесі 9%-дан 16%-ға және сәйкесінше 9%-дан 9,5%-ға көбейді. 2015 жылдың соңында "Азия Авто" АҚ міндеттемелері 27,8 млрд теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу