Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2010–2025 жылдар аралығында вакцинация, тиомерсал және аутизм спектрінің бұзылыстары арасындағы ықтимал байланысқа қатысты ғылыми деректерге жүйелі шолу жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, талдауға 36 ғылыми жарияланым, оның ішінде 31 зерттеу мен 5 мета-талдау енгізілген. Сонымен қатар ғылыми контексті бағалау үшін 21 шолу қарастырылған.
Шолу нәтижелері вакцинация мен аутизм арасында себеп-салдарлық байланыс бар екенін растамаған.
– Зерттеулер мен мета-талдаулар вакцинация мен аутизм арасында себеп-салдарлық байланыстың жоқ екенін растады. Осылайша, қазіргі ғылыми деректердің жиынтығы вакциналардың аутизм немесе нейро дамудың басқа да бұзылыстарының даму қаупін арттыратынын растамайды, – делінген хабарламада.