Декларацияланбаған валюта кеденде қиындық туғызады

2818

100 мың доллардан асатын ақшаның құжаты болуы керек.  

Декларацияланбаған валюта кеденде қиындық туғызады

2020 жылдың ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары шекарадан 100 мың доллардан асатын ақшаны кеден қызметкерлеріне тексертпей алып өте алмайды. Бұл – декларацияланбаған валюта ел аумағынан аспайды деген сөз.

"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы жеке тұлғалар шекарадан 100 мың доллардан асатын ақша алып өтерде оны қайдан алғанын растайтын құжаттарын көрсететіні туралы қаулы қабылдады", – деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.

Алқа мүшелері жоғарыдағы шешімді 6 тамыз күні қабылдап, 7 тамыз күні Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтына жариялады. Сондай-ақ олар  қаулы 180 күнтізбелік күннен кейін күшіне енетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында сауда, кеден, техникалық реттеу мәселелері, санитарлық, ветеринарлық шаралар, сонымен қатар экономиканы цифрландыру мен одақтың ішкі нарығына серпін беру сынды сұрақтар күн тәртібіне қойылды.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу