26-27 ақпан күндері Үндістанның Дели қаласында ересектер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді.
Дүбірлі додаға 20-дан астам елден келген 200-ге жуық спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтайды.
Қазақ күресінен әлем чемпионатында бақ сынайтын спортшыларымыз:
Ерлер:
- Бекжан Төлепов
- Мейіржан Берекетов
- Нұр Аманшүкіров
- Жұмажан Қожамбеков
- Ерсін Сейітқазынов
- Айдос Ғалымов
- Ерсұлтан Мұзаппаров
- Нұрдәулет Жарылғапов
Әйелдер:
- Айжан Жылқыбаева
- Аружан Адасхан
- Рауза Нұрмахамметова
- Гүлім Елубай
- Зарина Сәріпова
- Роза Нысантайқызы
- Ұлболсын Әділова
- Альбина Бахиева
Чемпионат қарсаңында ұлттық құрама 12-24 ақпан аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
26 ақпан, жарыс кестесі:
- 10:30 Іріктеу кезеңі
- 14:30 Іріктеу кезеңі
- 18:00 Финал
Жанкүйерлер әлем чемпионатын тікелей эфирде Қазспорт арнасынан тамашалай алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу