Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Есеп: 3-1.
Финал жолдамасын Демеу Әзірбайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Мажарстан) екеуінің біреуімен сарапқа салады.
Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу