35 жастағы спортшы Демеу Жадраев Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-приінде 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Финалдық белдесуде Жадраев венгриялық балуан Роберт Фричтен басым түсті. Қола жүлдені ресейлік Исмаил Барахоев пен украиналық Артур Политаев иеленді.
Айта кетейік, былтыр Демеу Жадраев Париж (Франция) Олимпиадасында сенсация жасап, күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. ОИ-2024 финалында ол жапон балуаны Нао Кусакодан жеңілген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу