Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Алаяқтар медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, СМС арқылы келген кодты жазып, тексеруден өтетінін растауды сұрайды. Ешқандай мемлекеттік медициналық мекеме СМС код арқылы жазбаны растауды талап етпейді", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Мұндай код цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылады және оларды басқа адамға мүлде беруге болмайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу