Депутаттар "Жаңа Қазақстан" деген топ құрып, үндеу жолдады

3280

Мәжіліс депутаттары бүгінгі отырыста үндеу жасады.

Депутаттар "Жаңа Қазақстан" деген топ құрып, үндеу жолдады

"Парламенттің төменгі палатасындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп, президенттің тапсырмаларын мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында "Жаңа Қазақстан" атты депутаттық топты құруды, ресми түрде жариялаймыз!", – дейді депутат Еділ Жаңбыршин.

Оның айтуынша, құрылған депутаттық топ қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын уақытында шешіуге қызмет етеді. 

"Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі. "Жаңа Қазақстан" депутаттық топтың қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы және дайын екенін мәлім етеміз. Құрметті ағайын! Қазақта "Бірлесіп көтерген жүк жеңіл" деген сөз бар! Жаңа Қазақстанның жүгін ұлыс болып бірге көтерейік! Президент бастаған реформаларды саботажға жібермей, аяғына дейін жеткізейік! Баршаңызды, елдің іргесін нығайтуға шақырамыз!", – деді Жаңбыршин. 

Ол отыздан астам депутат атынан сөйлеп тұрғанын айтты.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу