Ұят-ай! Теннистен Қазақстан құрамасы жанкүйерлерін жерге қаратты

261

Үш кездесуде де даттықтар оқ бойы озық шықты. 

Ұят-ай! Теннистен Қазақстан құрамасы жанкүйерлерін жерге қаратты Фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстан құрамасы Даниядан өз алаңында таза ұтылып, тобы бойынша бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының I әлемдік тобы аясында Данияға қарсы үшінші кездесуін өткізді (14-15 қыркүйек, Beeline Arena, Астана).

Александр Бублик пен Александр Недовесов жұбы 6:7, 3:6 есебімен екі сетте де даниялық Хольмгрен мен Ингильдсенге жол берді. Есеп – 3:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының финалына арналған жолдаманы сарапқа салатын іріктеу ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Қазақстан 11 жылда алғаш рет Дэвис Кубогында өз алаңында ұтылып тұр. Енді біздің теннисшілер әлемдік II топта өнер көрсетеді.

Теннистен Қазақстан құрамасы 2024 жылы 14 қыркүйекте Данияға қарсы ойындарды бастады. Кортқа алғашқылардың бірі болып Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик шықты. Ол Эльмер Мюллерге есе жіберді.

Одан кейін өнер көрсеткен Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (әлемнің 57-ракеткасы)  Август Хольмгреннен (әлемнің 166-ракеткасы) жеңілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу