Дэвис кубогы: Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті

1028

Ла Серена қаласында Дэвис кубогі аясында Чили – Қазақстан іріктеу матчы өтіп жатыр.

Дэвис кубогы: Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті Фото: ktf.kz

Аталмыш бәсекеде Тимофей Скатов пен Кристиан Гарме бірінші болып кортқа шықты. Бұл Тимофейдің Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойыны болатын. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Чилилік спортшы қайыра брейк жасағанымен, Тимофейді тоқтата алмады. Есеп – 6:1, Скатовтың пайдасында. Екінші сетті де қазақстандық спортшы тамаша бастады – 4:0. Бұдан кейін Гарин есепті қысқартқанымен, Скатов қайтадан 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Бір сағат 38 минутқа созылған ойында Скатов 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Осылайша, Қазақстан алға шықты – 1:0.

Бастапқы кездесуде Тимофей Скатов қарсыласын жеңгеннен кейін, кезек Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликке келді. Николас Харри бірінші партияда бірден брейк жасап, алға шықты. Тағы бір брейк – 5:2, содан кейін сетті сәтті бітірді – 6:2.

Екінші сетте чилилік теннисші брейкпен бастағанымен, қазақстандық спортшы сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Алайда қайтадан өз геймдерін беріп қойды – 2:5. Харри матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:2.

Кездесу бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды. Осылайша, Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті. Есеп – 1:1.

Жексенбі күнге үш ойын белгіленген. Бірінші болып кортқа Андрей Голубев пен Александр Недовесов, Томас Бариош/Алехандро Табило қарсы ойнайды. Сосын, Александр Бублик Кристиан Гаринмен соңғы ойында Тимофей Скатов Николас Джарримен шайқасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу