Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесі басталып, Қазақстан құрамасы Нидерландымен кездесті.
D тобында аталған екі командадан басқа АҚШ және Ұлыбритания құрамалары өнер көрсетеді.
Плей-офф кезеңіне үздік екі команда жолдама алады. Бірінші ойында Михаил Кукушкин әлемнің 48-ракеткасы Таллон Грикспурға 1:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңілсе, екінші бәсекеде әлемнің 35-ракеткасы Ботик ван де Зандсхулп пен рейтингте 44-орында тұрған Александр Бублик кортқа шықты. Бұл – олардың өзара алғашқы кездесуі еді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты – 3:1. Ақыры сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. Екінші сетте нидерландық спортшы алға кетті – 2:0. Содан соң қарқынын үдетті – 6:1. Үшінші партияны Бублик сәтсіз бастағанымен, қайыра брейк жасады – 1:1. Алайда жетінші геймде 40:0 есебімен алда тұрып, қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды – 3:4. Сосын Ботик матчқа доп бергенде қателескен жоқ – 6:4.
Соңғы үшінші жұптық ойында Александр Бублик пен Александр Недовесов. Матве Мидделкоп / Весли Колхофты 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіп Қазақстан құрамасына бір ұпайды алып келді. Осылайша, матчта Нидерланды 2:1 есебімен алға жеңіске жетті.
Финалдық кездесуде Қазақстан 18 қыркүйекте Ұлыбританиямен ойнайды. Матч елорда уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.
Дэвис кубогінің топтық кезеңі алғаш рет төрт қалада өтуде. Ал плей-офф ойындарын Испаниялың Малага қаласы қабылдайды. Төрт топтың үздік екі командасы плей-офф кезеңіне өтеді. Жеңімпаз 23-27 қараша аралығында анықталады.
Айта кетейік, қалған топтардағы ойындар Болонья (Италия), Валенсия (Испания) және Гамбургте (Германия) өтуде.
Ермұхамед Мәулен