Астанадағы Beelline Arena корттарында өткен кездесуде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Ақил Хан-Музаммил Муртаза жұбын 6:4, 7:6 есебімен ұтты.
Жекелей сында Денис Евсеев Ахмад Курешиді 6:0, 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Бұл жеңістің арқасында Қазақстан Дэвис кубогының Әлемдік тобының I қатарына қайта оралды.
Бұған дейін Александр Шевченко Музаммил Муртазаны жеңсе, екінші кездесуде Бейбіт Жұқаев Хузайфа Абдула Рехманнан басым түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу