Дэвис кубогы: Қазақстан мен Пәкістан матчының жеребесі тартылды

376

Қазақстан мен Пәкістан плей-офф матчының айқын фавориті Қазақстан құрамасы. Себебі пәкістандық теннисшілер ATP рейтингінде де жоқ, 

Дэвис кубогы: Қазақстан мен Пәкістан матчының жеребесі тартылды Фото: ҚТФ

Ертең, сенбі 1 ақпан күні жарыс жолына қазақстандық теннисшілерден алғашқы болып кортқа Александр Шевченко шығады.

Ол пәкістандық Музамиль Муртазаны сынға түседі. Одан кейін Beeline Arena орталық кортында Бейбіт Жұқаев пен Хузайфа Абдул Рехман өзараи мықтыны анықтайды.

Жексенбі күні Александр Шевченко – Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан – Музамиль Муртазамен кездеседі.

Сондай-ақ жекелей сында Александр Шевченко – Хузайфа Абдул Рехман, Бейбіт Жұқаев – Музамиль Муртаза кездесулері жоспарланған.

Ұлттық құраманың көшбасшысы Александр Бублик Монпельедегі ATP 250 турнирінде чемпиондық атағын қорғайтындықтан, командамызға көмектесе алмайды.

Құрама капитандары бәсекеге бір сағат қалғанға дейін ойыншыларды алмастыра алады. Матчта үш ұтысқа қол жеткізген команда жеңімпаз атанады.

Бұған дейін Данияға қарсы өткен кездесуде құрамамыз есе жіберген. Алайда осы жолы теннисшілеріміздің ұпай алатын мүмкіндігі жоғары. Себебі пәкістандық теннисшілер ATP рейтингінде де жоқ.

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин алдағы ойынға қатысты пікір білдірді. 

"Пәкістан – жақсы команда. Дегенмен біз жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Құрама сапына жас ойыншыларды тарттық. Барлығының ойнауға деген құлшынысы тасып тұр", дейді Щукин.

Сондай-ақ, Пәкістан құрамасының капитаны Мухаммад Хасееб Аслам қағаз жүзінде де, іс жүзінде де қазақстандық команда фаворит екенін атап өтті.

"Біз Астанаға бейімделу үшін арнайы ерте келдік. Қазақстандық команданың барлық ойыншылары өте тәжірибелі, ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде ойнап келе жатыр. Біздің құрамада қазір жаңару жүріп жатыр. Жастарға сенім артып отырмын. Үмітті ақтайды деп сенемін. Бұл теннис және бәрі де мүмкін. сондықтан біз ойында ұпай алып, келесі кезеңге шығу үшін кортта тер төгеміз", дейді Пәкістан құрамасының капитаны.

Матчтар 1 ақпан күні Қазақстан уақытымен 13:45-те, 2-ақпан күні 13:00-де басталады және тікелей эфирде QAZSPORT арнасынан тамашалауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу