Дэвис кубогын сәтті бастадық

2107

Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. 

Дэвис кубогын сәтті бастадық

Жаңа форматта өтіп жатқан Дэвис кубогы жарысында Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерланды елінің басты командасымен қарсылас атанды. Алғашқы ойында Михаил Кукушкин Зандшульпты жеңді де, Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты. Алайда, екінші кездесуде Александр Бублик Робин Хасеге жеңіліп қалды. 

Соңғы шешуші жұптық бәсекеде Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Ройер/Хасе жұбыныан басым түсті. Жалпы есеп 2:1, Қазақстанның жеңісі. Айта кетуіміз керек, жұптасы бәсекесіне біздің командамыз Андрей Голубев/Александр Недовесов жұбымен шығуы тиіс болған. Алайда, құрама капитаны Диас Досқараев соңғы сәтте ойыншыларды алмастырып жіберді. 

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу