Фукуокада (Жапония) өтіп жатқан жүзуден әлем чемпионатында әйелдер арасында 1500 метр қашықтыққа еркін стильде жүзу жарысы өтті. Оған Қазақстан спортшысы да қатысты.
Диана Тасжанова 1500 метр жарыс жолын 17 минут 09,98 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты (17:23,37). Алайда отандасымыз 29-нәтиже көрсетіп, финалға жолдама ала алмады.
Сондай-ақ әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан құрамасынан тағы екі спортшы бақ сынады. 100 метр қашықтықта Игнатова Ксения 1.02.34 нәтижемен 32-орынға ие болды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Пчелинцева Аделаида 42-нәтиже көрсетті. (1.11.41).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу