Диас Омаров "Қайраттың" аңызы болып қала бермек. Ол Қазақстанның атақты футбол клубында жартылай қорғаушы болған. Спорт комментаторы ретінде жұмысқа алғаш рет 1959 жылы келген. Ал бір жылдан соң КСРО-ның жоғарғы дивизионында дебют жасады. Диас Омаров 1959-1964 жылдар аралығында "Қайрат" сапында барлығы 23 кездесу өткізіп, 3 гол соққан. Қазақстандық танымал комментатор 1961 жылы Вильнюстің "Спартак" командасына қарсы өткен кездесуде өзінің алғашқы голын соққан.
"Соғыстан кейінгі уақыт. Мен барлық балалар секілді аулада футбол ойнайтынмын", - деп Диас Ілиясұлы өзінің алғаш рет үлкен футболға қалай келгені жайлы еске алатын. "Содан соң Георгий Козелькода "Медик" стадионында жаттыға бастадым. Біраз уақыт өткен соң "Динамо" сапына ауыстым. Себебі оның жанында мектебім бар болатын. Ол жақта менің бапкерім Григорий Петров болды. "Қайратқа" ауысар алдында дайындық тобында бізді Владимир Сергейұлы Болотов жаттықтырды. Содан Қазақстанның жасөпірімдер құрамасына ауыстым. Ал 1959-жылы мені "Қайраттың" оқу-жаттығу жиындарына алды. Ересектер командасында Пётр Григорьевич Зенкин мені шет жақтарға бірге алып жүрді. Біз Краснотурьинск, Свердловск, Челябинск, Пермь қалаларына бардық. Жыл соңында жас ойыншылардан мен, Тимур Сегизбаев пен Сайлаубек Есимбеков Қытайға халықаралық жарысқа бардық. Ал келесі жылы "Қайрат" А тобында КСРО чемпионатында ойнайды деген жарлық шықты. Осылайша мен 1964 жылға дейін "Қайрат" сапында ойнадым".
Футболмен қатар Диас Омаров Киров атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің журналистика бөлімінде оқыған. 1960 жылы "Қайрат" пен "Локомотивтің" спорт инструкторы болды. 1966 жылы "Казтелерадиода" спорт комментаторы, 1998 жылдан осы уақытқа дейін Казтелерадио және "Хабар" агенттігінің спорт комментаторы қызметінде болды. Ал 5 шілде күні Диас Омаровтың дүниеден озғаны жайлы қаралы хабар келді.
"Бұл қазақ спорты үшін орны толмас қайғы. Диас Ілиясұлы расымен де қазақ журналистикасының майталманы еді. Спортшылар мен журналистердің бірнеше жас буыны теледидардан оның дауысын естіп өскен. "Астана" футбол клубының атынан Диас Ілиясұлының жақындарына, туған-туыстарына және барлық спорт қауымына қайғырып көңіл айтамын", - деді "Астана" футбол клубының директоры Михаил Гурман.
Ермұхамед Мәулен