Диас Жиренбаев 2026 жылғы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті

490

Прагада (Чехия) мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Диас Жиренбаев 2026 жылғы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті Фото: olympic.kz

Бүгін, 26 наурызда ерлер арасындағы жарыс басталып, Қазақстан атынан Диас Жиренбаев өнер көрсетті.

Отандасымыз қысқа бағдарламада 59.34 ұпай жинап, нәтижесінде 35-орынға тұрақтады.

Ол еркін бағдарламаға өте алмады. Ол үшін қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша үздік 24 спортшының қатарына кіру қажет еді.

Осылайша, Жиренбаев әлем чемпионатын аяқтады.

Қазіргі таңда америкалық Илья Малинин аралық есепте көш бастап тұр – 111.29 ұпай.

27 наурызда мұз айдынына Софья Самоделкина шығады. Ол еркін бағдарламадан кейін 12-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу