"Барыс" хоккей клубы қорғаушы Диллон Хетерингтонмен келісім-шартқа отырғандығы туралы ресми түрде хабарлады. Канадалықпен біржақты келісім бір маусымға - 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.
Диллон Құрлықтық хоккей лигасының жаңа жұлдызына айналуы мүмкін. Қазақстандық клубқа қорғаныста сенімді және Даррен Дицке көмектесетін қорғаушы қажет болды. Осыған байланысты елордалық хоккей клубы 25 жастағы Хетерингтонмен толықты. Жалпы ол бұған дейін де өзінің спорттық мансабын жаман өткізген жоқ.
Калгари (Канада) қаласының тумасы алғаш рет "Калгари Бронкс" командасының намысын қорғаған. Ал, соңғы бірнеше жылды "Даллас" жүйесінде өткізді. Негізінен "Тексас Старс" сапында ойнады. Америка Хоккей Лигасының 2019/20 маусымында спортшы 59 кездесу өткізіп, 14 (2 + 14) ұпай еншіледі. Жалпы АХЛ-да Хетерингтон 313 кездесу өткізіп, 89 (13 гол, 76 пас) ұпай жинады. Ол сондай-ақ Ұлттық Хоккей лигасында (НХЛ) "Даллас" сапында 11 ойын өткізген. Осы уақыт ішінде ол екі ассист жасады.
Айта кетейік, Хетерингтон "Барыс" командасының орталық шабуылшысы Филип Варонеден кейінгі екінші жаңа ойыншы. Канадалық хоккейшілер қазақстандық командаға Құрлықтық хоккей лигасының плей-оффына өту үшін көмектесуі керек. Өйткені қазір "Барыс" Шығыс конференциясында оныншы орында тұр. Ал, үздік 8 команда қатарына қосылу үшін 3 ұпай қажет. Соңғы кездесуде Юрий Михайлис шәкірттері қатарынан төрт жеңіліс сериясынан соң қытайлық "Куньлуньды" жеңді. Ал, бүгін "Барыс" ригалық "Динамоны" өз айдынында қабылдайды. "Динамо" Қазақстанға Екатеринбургтен келді. Латвия құрамасы жексенбіде жергілікті "Автомобилистке" 2: 7 есебімен есе жіберіп алған болатын.
Кездесу бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:30-да "Барыс-Аренада" өтеді. Матчты тікелей эфирден Qazsport телеарнасы таратады. Коронавирус пандемиясына байланысты кездесу көрермендерсіз өтеді.
Ермұхамед Мәулен