Димаш Құдайберген Ыстанбұлда VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады

85

Фестивальге 1,5 миллион көрермен келуі мүмкін.

Димаш Құдайберген Ыстанбұлда VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады Фото: dimashnews.com

23 мамыр Димаш Құдайберген Ыстанбұл қаласында өтетін VIII Этноспорт мәдениеті фестивалі аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған іс-шара Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен 21-24 мамыр аралығында Ататүрік атындағы әуежай аумағында өтеді.

Фестиваль бағдарламасы дәстүрлі спорт түрлері мен ұлттық ойындарды, қолөнер көрмелерін, гастрономиялық аймақтарды, театрландырылған қойылымдар мен шығармашылық кештерді қамтиды.

2025 жылы фестивальге бір миллион адам қатысқан болса, ұйымдастырушылар биыл келушілер санын 1,5 миллионға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 23 мамырда Türk Telekom басты сахнасында концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді. Концерттің басталу уақыты – жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00.

Фестиваль аясындағы барлық іс-шара көпшілік үшін тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу