Димаштың алғашқы альбомы 37 секундта 1 миллион рет жүктелді

23689

Альбомның платиналы альбом атануына 1 минутқа жетер-жетпес уақыт қажет болды.

Димаштың алғашқы альбомы 37 секундта 1 миллион рет жүктелді

Бұл туралы Димаш Құдайберген Instagram-дағы ресми парақшасына жазды.

"Альбом 37 секундтың ішінде платиналы альбомға айналды. Бір сағаттың ішінде үш рет платиналы альбом атанды. Шексіз бақыттымын. Мені қолдаған тыңдармандарыма зор алғысымды білдіремін. Менің жеңісім – Сіздердің арқаларыңыз", – деп жазды ол.

Платиналы альбом дегеніміз не? Бұл – музыкалық өнімнің танымалдылығына берілетін баға. Мұндай стандартты Американың дыбыс жазу компаниялары қауымдастығы енгізген. Яғни музыкалық өнімнің сатылымы немесе жүктелімі 1 миллионнан 5 миллионға дейін жететін болса платиналы альбом деп аталады.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 29 маусымда ел астанасында "Arnau" атты жеке концертін өткізеді. Концерт "Астана арена" стадионында ұйымдастырылады. Шара 4-5 бөлімнен тұрады деп күтілуде. Бұл күні Димаштың орындауында қазақтың халық әндері, отандық және шетелдік композиторлардың туындылары шырқалады. Димаш авторлық әндерін де көпшілікке ұсынбақ.

Сондай-ақ осы жылдың күзінде Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden кешенінде Димаштың шоу-концерті ұйымдастырылатыны белгілі болды. Бүгінде еліміздің мәдениет және спорт министрлігі ауқымды шараға дайындық үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу