Димаш Құдайбергеннің жаңа "Yazgi" синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінен жиі естіліп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ән жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірнеше радиостанциясында ротацияға енген.
Атап айтқанда, композиция Антверпендегі интернет-радиостанция Toblero мен Megamusic радиосының эфирінде тыңдарманға ұсынылды. Сонымен қатар "Yazgi" Бельгияның французтілді AFM Radio, RMS Radio және Radio Stars радиостанцияларында да ойналды.
Жаңа әнге Льеж қаласындағы AFM Radio ерекше назар аударған. Өткен сенбіде радиостанция студиясында "Yazgi" синглінің тікелей эфирдегі таныстырылымы өтті. Бағдарлама барысында композиция тыңдалып, әннің промо-постері таныстырылды.
Димаш Құдайбергеннің "Yazgi" синглі 2026 жылғы 2 тамызда жарық көрді. Әннің музыкасын Димаштың өзі жазған, ал мәтінінің авторы – Өркен Әбдіров.