Димаштың жобасы Түркістанның туристік орындарын таныстырады

191

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Димаштың жобасы Түркістанның туристік орындарын таныстырады Фото: Спорт және туризм министрлігі

"Voice Beyond Horizon" халықаралық жобасының екінші шығарылымы Түркістан облысының туристік локацияларын шетелдік кең аудиторияға таныстырады.

Жаңа эпизод бүгін Қытай уақытымен сағат 22:00-де Hunan TV телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

6 елден жиналған орындаушылардың шығармашылық сапары өңірдің маңызды бағыттарын қамтиды. Шетелдік көрермендер Ұлы Жібек жолының мәдени және сауда орталығы болған Күлтөбе қалашығын тамашалай алады. Жоба қатысушылары үшін көне өркениеттердің бірегей ескерткіші – Отырар қалашығы шабыт көзіне айналады.

Туристер арасында танымал орындардың бірі "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінде қазақ халқының дәстүрлері, салт-дәстүрлері мен мәдениеті таныстырылады. Бұл шығарылымда қазылар алқасында болатын "Грэмми" сыйлығының екі дүркін лауреаты Уолтер Афанасьефф өткен жылы түсірілімдерге қатысу үшін Түркістанға арнайы келген.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген жобаны Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Түсірілім еліміздің 6 өңірін қамтыды. Бұл жоба әртүрлі елдердің шығармашылық орындаушыларын біріктіріп қана қоймай, Қазақстанның туристік әлеуетін миллиардтаған көрерменге таныстырады. Hunan TV телеарнасының аудиториясы 1,9 миллиардтан асады. Жоба Mango TV цифрлық платформасында да көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу