"Болгарияда төрешілік нашар деп айтып жүрміз ғой. Ал Қазақстанда жағдай біздікінен де нашар. Бірақ, олар осы мәселені жақын арада шешеді деп есептймін" деп беп бастады сұқбатын Димитар Димитров. Биылғы маусымда Павлодар қаласының "Ертіс" командасында бапкер болған болгар маманы "Астана" командасының да сүреңсіз өнер көрсетуінің себебін айтты.
"Станимир Стоилов кеткеннен кейін бұл команданың ойыны күрт нашарлап кетті. Соның салдарынан нәтижесі де төмендеді деп ойлаймын. Ал Қазақстанда Болгарияға қарағанда футболға көбірек қаржы бөлінеді. Алайда, оларға футболды жоғарғы деңгейге көтеру үшін футбол базаларын салуы керек" деді Д.Димитров.
Айта кеуіміз керек, бұл маман мен "Ертіс" клубы қазір соттасып жатыр. Клуб басшылығы келісім-шартта көрсетілген қаржыны төлемегені үшін айыпты.
Ермұхамед Мәулен