Динара күміс жүлдегер

1053

Қазақстандық шахматшы қыз Динара Сәдуақасова жаңа ғана шахматтан Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. 

Динара күміс жүлдегер

Шахматтың рапид деп аталатын түрінен ерлер және қыздар бәсекесі аяқталды. Отандасымыз Динара Сәдуақасова қытайлық шахматшыға жеңіліп қалып, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал ерлер арасындағы бәсекені көпшілік күткендей-ақ Магнус Карлсен жеңді. 

Әзірге әлемде норвегиялық талант, әлемдік гросмейстер Мангнус Карлсенді тоқтататын  шахматшы болмай тұр. Кеше рапидтен өткен турнирде Карлсен қара үзіп, әлем чемпионы атанды.  Магнус соңғы турда ирандық Пархам Магсудулыны жеңді. Магнустың еншісінде 8 жеңіс 4 тең нәтиже және бір ғана жеңіліс бар. Карлсен  алғашқы турдан-ақ Алматыға әлем чемпионы атану үшін келгенін байқатқан болатын. Жылдам шахматтан әлем чемпионатының алтынын кеудесіне таққан Карлсен баспасөз мәслихатында бұл әлем біріншілігіндеі әрбір партия, кез-келген қарсыласпен ойнау қиындық тудырғанын жасырмады.

"Бұл әлем  чемпионатына таңдаулы гроссмейстерлер қатысқандықтан да маған оңай соққан жоқ. Ең бастысы әлем жылдам шахматтан чемпионы атағын алғаныма бек қуаныштымын" деді  баспасөз мәслихатында Магнус Карлсен.

Рапидтен әлем чемпионатының күміс медалі германиялық Винсент Кеймерге бұйырды. 18 жасқа шыққан Кеймердің ересектер арасында осындай нәтиже көрсетуі талайлардың таңдайын қақтырды. Қола  медаль американдық Фабиано  Каруаноға бұйырды. Кеймер осы Каруанодан қосымша партияда ғана басым түсті. Еліміздің атынан қатысқан ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің көрсеткіші тәуір, ол рапид додасында 13 ұпайдың 8-ін жинап, әлемдік доданы 35-орынмен аяқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу