Динара Зәкиева жалғызбасты ерлердің бала асырап алуына қарсы шықты

573

Бұған дейін қоғам қайраткері әрі көпбалалы әке Нұркен Халықберген пікірін білдірген болатын.

Динара Зәкиева жалғызбасты ерлердің бала асырап алуына қарсы шықты Фото: facebook.com/dinara.zakiyeva

Кеше еліміздің Конституциялық соты ерлер мен әйелдер бала асырап алғысы келетіндердің тізімінде тең дәрежеде екенін жеткізді. Осы орайда сала мамандары бұл шешімнің қаншалықты орынды-орынсыз екеніне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ұсынылған өзгерістермен келіспейтінін білдіріп, балаларды ресми некеде тұрмаған ер адамдардың қамқорлығына беруге тыйым салу керектігін айтып отыр. 

"Мен және бала құқығын қорғау комитеті осы мәселені талқылау кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес некеде тұрмаған ер адамдарға бала асырап алуға салынған тыйымды күшінде қалдыру қажет деген ұстанымнан айныған жоқпыз", -  дейді Динара Зәкиева. 

Уәкіл Конституциялық соттың шешімі аясында заңнамаға өзгеріс енгізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық тетігін қарастыру қажеттігін атап өтті.

"Бала асырап алуға ниеттілерге қойылатын шарттарды қатаңдату, сондай-ақ олардың асыраушы ата-ана мектебінде оқып, білімін жетілдіруін талап ету керек сияқты. Сонымен қатар, баланы бауырына басқан ата-ананы Балаларды қолдау орталықтары арқылы сүйемелдеу көзін қарастырған жөн", - деп толықтырды балалар омбудсмені. 

Бұған дейін қоғам қайраткері әрі көпбалалы әке Нұркен Халықберген пікірін білдірген болатын.

Ол бала асырап алу мәселесінде кемсітушілік немесе жыныстық теңдік мәселелерін емес, ең алдымен баланың мүддесін ескеру керек деп санайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу