Дияр Нұрғожай қарсыласын нокаутқа жіберіп, UFC-ге жолдама алды

574

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Бартош Шевчукті “хайкик” соққысымен теуіп, сұлатып салды. 

Дияр Нұрғожай қарсыласын нокаутқа жіберіп, UFC-ге жолдама алды Фото: sport Plus Qazaqstan

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай UFС тұжырымына жолдама беретін турнирде жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеңілістің дәмін татпаған Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турниріне қатысып, жарқын жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегінде PFL тұжырымының экс-чемпионын нокаутпен ұтқан Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турнирінде де қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Бартош Шевчукті “хайкик” соққысымен теуіп, сұлатып салды. Осылайша отандасымыз UFC-ге жолдама алдып, 4 жекпе-жекке келісімшарт алды. 

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай Хабиб Нурмагомедовтың лигасында яғни, Eagle FC тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы болған. Бұл оның шаршы алаңдағы оныншы жекпе-жегі және оныншы жеңісі.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу