Дияр Нұрғожай UFC-де тағы да жеңіске жете алмады

257

Қазақстандық файтердің UFC-де жолы болмай келеді. 

Дияр Нұрғожай UFC-де тағы да жеңіске жете алмады Фото: UFC

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Шанхайда (Қытай) өткен UFC Fight Night 257 турнирінде октагонға шықты.

Ол қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен (8-1) күш сынасты. Кездесу бірінші раундта-ақ аяқталды.

Уран Сатыбалдиев тұншықтыру әдісін қолданып, жеңісті жұлып әкетті. Бұл қырғыз спортшысы үшін кәсіби мансабындағы 9-шы, ал UFC-дегі алғашқы жеңіс болды (рекорды 1-1). Ал Нұрғожай екінші рет тізе бүгіп, ұйымдағы көрсеткішін 0-2-ге түсірді.

Турнирде этникалық қазақ Қайсар Махсат (10-4) та өнер көрсетеді. Ол америкалық Гейдж Янгпен (9-3) кездеседі.

Сонымен қатар, Қытайдан шыққан тағы бір этникалық қазақ Тайлақ Нұражы (11-1-0-1) промоушенде дебют жасайды.

Ол жартылай орта салмақта қытайлық Кенан Сонгтың (22-9) орнына шығады. Тайлақтың қарсыласы ирландиялық Кифер Кросби (10-5).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу