Қазақстан құрамасының өкілі Дмитрий Панарин Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Classics 2026 халықаралық турнирінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Панарин жарысты Үндістан өкілі Пранаув Рам Нагалингамды 2:1 есебімен жеңуден бастады. Кейін нигериялық Саиду Алиуды 2:0 есебімен ұтты.
Ширек финалда қазақстандық спортшы Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Шашаанк Саи Муннангиден 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Панарин Үндістан өкілі Танкара Гнана Датту Таласиламен кездесті. Тартысты ойында қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Дмитрий Панарин Lagos International Classics 2026 турнирін қола жүлдемен аяқтады.