Дмитрий Патанин Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

242

Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан биылғы Challenge Cup сериясының соңғы турнирі өтіп жатыр.

Дмитрий Патанин Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

Іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың 2 спортшысы финалға жолдама алды. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими керме жаттығуында көш бастады. Ал Дмитрий Патанин 2 дисциплинада - қос сырық пен еркін жаттығуда жүлдеге таласты.

 Нәтижесінде Дмитрий Патанин еркін жаттығуларда Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды. Қазақстандық гимнаст 13.900 ұпай жинап, Болгария мен Израиль спортшыларын артта қалдырды.

Айта кетейік, еркін жаттығудан жүлдегерлер анықталды. Ал керме мен қос сырықтан ақтық сайыс бүгін, жексенбіге жоспарланған.
Барлығы Сомбатхейдегі турнирге 38 мемлекеттен гимнастар жиналды. Қазақстан құрамасынан Милад Карими, Диас Тойшыбек, Дмитрий Патанин, Роман Маменов өнер көрсетуде.

Challenge Cup кезеңі 26 қыркүйекте Венгрияның Сомбатхей қаласында басталып, 28 қыркүйекке дейін жалғасады..

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу