Жарыс Нұр-Сұлтандағы "Дәулет" теннис орталығының корттарында өтуде және 2021 жылдың 17 қыркүйегіне дейін жалғасады. Жеңімпаздар жекелей және жұптық ойындарда анықталады. Чемпионатқа қатысушылар арасында Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Бейбіт Жукаев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин, Тимур Хабибулин, Гозал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Софья Чурсина, Екатерина Дмитриченко, Татьяна Николенко, Еркежан Арыстанбекова, Елена Ким және тағы басқа да теннисшілер бар.
Жарыстың алғашқы күні біз күткендей болды. Фавориттер жеңіске жетті. Ал көшбасшылардың қарсыластары ойынды қиындатуға тырысты. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жұптық сайыс бойынша Азия чемпионатының жеңімпазы, Дэвис кубогына қатысу бойынша ұлттық құраманың рекордшысы Алексей Кедрюк пен Дмитрий Попко арасында қызықты ойын өтті.
Матч бойы Кедрюк қарсыласына қысым көрсетіп, көбірек шабуыл жасауға тырысты. Бірақ маңызды сәтте Қазақстан теннисінің ардагері күтпеген жерден қателіктер жіберді. Бұл мүмкіндікті Дмитрий бірден өз пайдасына жаратты. Нәтижесінде тартысты өткен кездесу 6: 3, 6: 2 есебімен Дмитрий Попконың пайдасына аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, жеке жарыстар бойынша жеңімпаздар - ерлер де, әйелдер де - Astana Open ATP 250 / WTA 250 турнирлерінің негізгі ойынына қатысу үшін Wild Card пен 7000 АҚШ доллары көлемінде грантқа ие болады. Финалға шыққандар Astana Open ATP 250 / WTA 250 жолдама алу үшін 5000 АҚШ доллары көлемінде грант пен Wild Card алады. Ал үшінші орын алған спортшылар 3000 АҚШ доллары мен Astana Open іріктеу турниріне қатыса алады.
Astana Open ATP 250 турнирі 19 - 26 қыркүйек аралығында еліміздің басты теннис аренасы - Ұлттық теннис орталығында өтеді. Жарыста ұлттық құраманың барлық мүшесі - Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесовтер ел астанасында сынға түседі. Сонымен қатар қатысушылар арасында халықаралық жұлдыздар - Аслан Карацев (Ресей), Бенуа Пер (Франция), Джон Миллман (Аустралия) сияқты теннисшілер де бар.
Ермұхамед Мәулен