Доллар бағамы 600 теңгеге жете ме?

1531

Валюта бағамына көптеген фактор әсер етіп отыр.

Доллар бағамы 600 теңгеге жете ме? Фото: Finance Digital Business

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "Доллар бағамы 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?" деп деп сұрады. 

"Меніңше, қазіргі экономикалық жағдайларда бұл мүмкін емес. Бағамның қазіргі деңгейін нарық өзі белгіледі. Нарық жаңа тепе-теңдік көрсеткішті белгіледі. Қандай да бір негізгі сыртқы және ішкі факторлар өзгермейтін болса, бұл бағам айтарлықтай тұрақты болады. Тағы да қайталап өткім келеді. Теңгенің долларға қатысты бағамы экономиканың көрінісі болып есептеледі. Біздің экономикамыз ашық. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одақ ұйымының мүшесіміз. Бүкіл дүние жүзімен белсенді сауда жүргізіп отырмыз", –  деді Тимір Сүлейменов Сенат кулуарында.

Айтуынша, әлемде болып жатқан процестер, яғни мұнай, алтын, уран бағалары, Федералды резервтің саясаты – барлығы да елімізге әсер етеді. 

"Егер бұл факторлар оң ықпал етсе, бізде тұрақтылық болады. Факторлар күрт өзгеріп, негативті болған жағдайда, онда бәрі де мүмкін. Ең бастысы АҚШ-та тұрақтылық пайда болды, олар өздерінің экономикалық саясатын анықтап алған шығар. Геосаяси дағдарыстар ретке келеді деп сенеміз",  деді Ұлттық Банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу