Доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттауына негіз жоқ – Тимур Сүлейменов

219

Нарықта ахуал тұрақты.

Доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттауына негіз жоқ – Тимур Сүлейменов Фото: Мәжіліс

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттауына негіз жоқ деп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер "Доллар 500-600 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін бе?" деп сұрады. 

"Жалпы алғанда доллардың қымбаттауына ешқандай фундаменталды нарықтық негіздер жоқ. Қазіргі таңда жағдай қалыпты", – деді Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында. 

Оның сөзінше, егер мұнайдың бағасы барреліне 200 долларға жетсе, онда доллар бағасы төмендеуі мүмкін.

"Екінші жағынан импортқа деген сұраныс бар. Ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басталғанда, бұл долларға деген сұранысты арттырады. Себебі жобалардың іске асуы құрал-жабдық, технологиялар импортына байланысты. Қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере келе, күрт өзгеріс болады деп күтілмейді. Ұлттық банк доллар бағамын реттемейді. Доллар еркін айналымға жіберілген", – деді ҰБ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу