Доллардың нығаюы АҚШ-қа тиімді емес

3419

Доллардың өсуі экономикаға нұқсан келтіреді деп алаңдаушылық білдіріп отырған жалғыз Дональд Трамп емес. Бірқатар инвестор бұның арты рецессияға әкеліп соғады деген пікірде.

Доллардың нығаюы АҚШ-қа тиімді емес

Доллардың басқа валюталарға қатысты бағамы АҚШ-тың трансұлттық компанияларының кірісіне кері әсер етуі мүмкін. Өйткені олар Құрама Штаттар экономикасының діңгегі саналады. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ валютасының өсуі әлемдік экономиканың рецессияға ұшырауы мүмкін деген белгі береді.

Мысалы, Coca-Cola Co. компаниясы бұл фактордан зардап шегуде. Атлантада орналасқан сусын өндіретін алпауыт өкілдерінің айтуынша, доллардың нығаюы компанияның өсімін тежеп отыр. Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп ел валютасының нығаюы америкалық өндірушілерге (Caterpillar Inc., Boeing Co. және Deere & Co.) кесірін тигізіп отыр деп айтқан еді. Ол бұған Федералдық қор жүйесі кінәлі дегенді алға тартқан болатын.

"Доллардың қазіргі бағамынан әлемдік экономиканың жағдайы нашарлап, рецессияға душар етуі мүмкін. Бірақ алда не болатынын нақты болжап айту қиын", - деді Morgan Stanley шетелдік валюта стратегиясы бойынша басшысы Ханс Редекер.

Дегенмен барлығы бірдей доллардың нығаюын экономика құлдырауының алғышарты ретінде қарастырып отырған жоқ. Америка банкі экономисі Адитья Бхавтың пікірінше, АҚШ экономикасы толықтай экспортқа тәуелді емес.

Ханс Редекер мен Brandywine Global Investment Management ЖШС өкілі Джек Макинтайр бұл жайт америкалық және жаһандық экономиканың рецессиясына алып келуі мүмкін деген пікірде. Макинтайрдың болжамынша, доллар алдағы бес жылда 25 пайызға төмендеуі мүмкін. Сондықтан оның фирмасы соңғы айда оңтүстіккореялық вон, чех кроны мен жаңазеландиялық долларды сатып алған.

Редекердің айтуынша, доллардың өсуінен мемлекеттердің басым бөлігінде күрделі қаржы шығыны азайған. Бұл өз кезегінде АҚШ-тан тысқары орналасқан корпорациялардың  қарыз капиталы үлесінің қысқаруына әкеліп соқты. Егер де Федералды қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендетуін жалғастырса, доллар әлсіреп, жаһан экономикасы тұрақтануы мүмкін.

Макинтайрдың пікірінше, АҚШ валютасының айтарлықтай өсуі S&P 500 компанияларының қаржы нәтижелеріне кері әсерін тигізіп, салдарынан жұмыс орындары қысқарып мен жұмыссыздықтық белең ала бастаған. Яғни бұл Құрама Штаттардың рецессия қармағына ілініп, әлемдік экономика өсімі баяулауы мүмкін дегенді білдіреді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу