Домбыра мен қобызды ұшақ ішінде алып жүруге рұқсат етілмек

253

Оны тасымалдау қол жүгі ретінде тегін өткізеді.

Домбыра мен қобызды ұшақ ішінде алып жүруге рұқсат етілмек Фото: ЖИ

ҚР Көлік министрлігі "Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" тиісті бұйрыққа өзгеріс пен толықтыру енгізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жоба аясында азаматтардың көптеген өтініші негізінде алғаш рет нормативтік деңгейде жолаушылардың музыкалық аспаптарды (оның ішінде домбыра мен қобызды) футлярда әуе кемесінің салонында қол жүгi ретінде тасымалдау құқығы бекітіледі. Бұл ретте олардың өлшемдері 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 келіден аспауы тиіс, – делінген министрліктің ақпаратында.

Аталған түзетулерге сәйкес, егер жолаушы тек бір музыкалық аспапты, яғни домбыраны алып жүрсе, оны тасымалдау қол жүгі ретінде тегін өткізеді. Ал музыкалық аспап қол жүгінің қосымша бөлігі ретінде тасымалданған жағдайда, белгіленген нормадан асатын жүк үшін әуе компанияларының қолданыстағы қағидаларына сәйкес ақы алынады.

– Бұл түзетулерді қабылдау жолаушылардың құқығын қорғау деңгейін арттыруға және әуе көлігінде музыкалық аспаптарды тасымалдауды реттеуді жетілдіруге бағытталған. Түзетулерді қабылдаудың болжамды мерзімі – 2026 жылғы мамыр айының соңына дейін, – деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу