АҚШ хоккей құрамасының қақпашысы Коннор Хеллебак елдің ең жоғары марапаттарының біріне ие болады.
"Хоккей командасының мүшелері бұл жаңалықты естіп қатты қуанады деп ойлаймын. Олардың дауыс беруінің және менің дауысымның нәтижесіне сәйкес мен жақын арада Коннорға еліміздің ең жоғары азаматтық марапатын – Президенттік Бостандық медалін табыстаймын", – деді Трамп.
Бұл медаль "АҚШ-тың қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қорғауға, бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтауға, сондай-ақ АҚШ пен әлемнің қоғамдық және мәдени өміріне елеулі үлес қосқан" тұлғаларға беріледі.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада финалында АҚШ құрамасы овертаймда Канаданы 2:1 есебімен жеңді.
Осылайша, АҚШ хоккей құрамасы тарихында үшінші рет Олимпиада алтын медалін жеңіп алды.